adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт: оқу мәдениетін дамыту жолдары» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырмандық белсенділікті арттыру және «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асырудағы өңірлік тәжірибелермен бөлісу.
Семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстан кітапханалары одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғазиза Нұрғалиева, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Бақытжан Садықов, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова, «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Сакошев сондай-ақ, ұлттық және өңірлік кітапханалардың басшылары мен мамандары, зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, білім беру ұйымдарының өкілдері және жастар қатысты.
Жиынды ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сайлаухан Жоланов жүргізді.
Қатысушылар оқырманмен жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдері, балалар мен жастарды кітап оқуға тарту, кітапханалар мен білім беру ұйымдарының байланысын нығайту жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар кітапханалардың қоғамдағы рөлі, заманауи жұмыс тәсілдерін енгізу және өңірлердегі озық тәжірибелерді тарату мәселелері сөз болды.
Жиынды Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова қорытындылады.
Республикалық семинар мамандардың кәсіби байланысын кеңейтіп, өңірлік тәжірибелерді бөлісуге және оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ортақ ұсыныстарды талқылауға мүмкіндік берді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Елдің оңтүстік-шығысындағы ауылдардағы еріген су аулаларды басып қалды

admin

Әскерге шақырылғандарды табуреткамен және таяқпен ұрды: Қорғаныс министрлігінде мәлімдеме жасады

admin

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Пікір қалдырыңыз