adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Экономика Экономика

Қазақстанда 2027 жылдың басында сұйытылған газ бағасын көтермеу ұсынылды

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын қазіргі деңгейде сақтау ұсынылып отыр.

Энергетика министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес, газдың шекті көтерме бағасын қосылған құн салығын (ҚҚС) есептемегенде, тоннасына 59 722 теңге мөлшерінде қалдыру көзделген.

Бұл жерде автомобильдерге арналған газ құю бекеттеріндегі бөлшек сауда бағасы емес, сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы туралы сөз болып отыр.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 27 қарашаға дейін жалғасады.

Егер бұйрық бекітілсе, жаңа баға 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында тауар биржаларынан тыс ішкі нарыққа жеткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы ҚҚС-ты есептемегенде, тоннасына 59 722 теңге болып белгіленген болатын.

Кейін бұл баға тағы алты айға, яғни 2026 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жұмыстан босатылған шенеуніктер мен судьяларға тағы бір мүмкіндік беріледі

admin

В Шымкенте обсудили вопросы поддержки предпринимателей и инвесторов

Admin

«Shymkent Smelting»: 3 млрд теңгелік инвестициямен іске асқан қара қорғасынды қайта өңдеу жобасы

Admin

Пікір қалдырыңыз