Ақпарат Мәдениет

АҚЫН ХАНБИБІ ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ 75 ЖАСҚА ТОЛДЫ

Өлеңім –менің әлемім» — деп, қаламын серік еткен халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, қазақтың Хан апасы 75 жасқа толды. Мерейтойға зиялы қауым өкілдері мен қала жұртшылығы қатысты.

Ханбибі Есенқарақызының қазақ поэзиясында алатын орны ерекше. Шынайы, мөлдір, рухты өлеңдері кез-келген жастағы жанның жүрегін баурап алары анық. Саналы ғұмырын шығармашылыққа арнаған тұлғаның қазақ поэзиясына сіңірген еңбегі зор. Әдеби кешке келген қонақтар әсерлі әңгіме тыңдап, сырлы сұхбаттың куәгері болды.

Қайырымды қаланың ыстық ілтипатына бөленген кеш иесі де руханиятқа толы әңгімелерін айтып, келген қонақтарға жылы лебізін жеткізді.

Бүгінде барша оқырманы «Хан қызындай Хан апа» деп құрметтеген қаламгер Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығы толысқан шағы. Ол – жиырмаға жуық жыр жинақтарының авторы. Оның өлеңдері орыс, украин, өзбек, тіпті якут тілдеріне аударылған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тәжікстанда «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынды

AdiletTV

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ TIKTOK-ҚА КІРУІНЕ ТЫЙЫМ САЛУ КЕРЕК

«ДӘСТҮР ЖӘНЕ ЗАҢ:ҚЫЗ ҰРЛАУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз