Ақпарат

Бас бапкер Демеу Жадыраев жапон балуанымен белдесуде қандай қателік жібергенін айтты

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченко Демеу Жадыраевтың Париж Олимпиадасының финалындағы күресі туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Демеу Жадыраев Олимпиада финалында жапон балуаны Нао Кусакамен белдесіп, 5:2 есебімен жеңілді.

«Жақсы күресті, бірақ ептілік жетіспеді. Бір сәтте тепе-теңдікті жоғалтып алды. Жапон балуаны осы сәтті пайдасына асырды. Өте өкінішті. Барынша талпынды. Алайда Демеу финалға дейін жетіп, күміс жүлде иеленді. Бұл – үлкен жетістік. Бізді қолдаған жандардың бәріне алғыс айтамын», — деді Юрий Мельниченко журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдесі бар.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ НАРЫҚҚА ШЫҒУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

AdiletTV

Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне бірқатар тапсырма берді

AdiletTV

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз