19.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Ақпарат

Бас бапкер Демеу Жадыраев жапон балуанымен белдесуде қандай қателік жібергенін айтты

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченко Демеу Жадыраевтың Париж Олимпиадасының финалындағы күресі туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Демеу Жадыраев Олимпиада финалында жапон балуаны Нао Кусакамен белдесіп, 5:2 есебімен жеңілді.

«Жақсы күресті, бірақ ептілік жетіспеді. Бір сәтте тепе-теңдікті жоғалтып алды. Жапон балуаны осы сәтті пайдасына асырды. Өте өкінішті. Барынша талпынды. Алайда Демеу финалға дейін жетіп, күміс жүлде иеленді. Бұл – үлкен жетістік. Бізді қолдаған жандардың бәріне алғыс айтамын», — деді Юрий Мельниченко журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдесі бар.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесті

Admin

«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» АТТЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Admin

Еліміз су шаруашылығын дамытуда АҚШ-тың тәжірибесін қолданады

Admin

Пікір қалдырыңыз