Бұл сұраққа Тимур Сүлейменов жауап берді. Оның сөзінше, Берік Шолпанқұлов өз өтінішінің негізінде қызметінен кетті. Одан басқа алып қосар ештеңе жоқ деді Ұлттық банк төрағасы.
Сонымен қатар ол 7 триллион теңгеден астам қаржыны аудару дерегіне қатысты тексеру жүріп жатқанын жеткізді.
Бұған дейін Шолпанқұлов қазақстандық банктердің бірінен 7 триллион теңгеден астам қаржыны аудару туралы ақпаратқа пікір білдірген еді. Сол кезде ол президент айтқан 7 триллион теңге міндетті түрде заңсыз қаражат шығару дегенді білдірмейтінін, бұл жай ғана «жалпы айналым» болуы мүмкін екенін айтқан. Алайда ол осы сөзінен кейін қызметінен кетті.
Келесі пост
