adilettv

 МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ-БОЛАШАҚ КЕПІЛІ


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінде «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында форсайт-сессиялардың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараны «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын ұйымдастырып, Шымкент қаласы әкімдігі қолдау көрсетті. Басқосуда қатысушылар өңірдің басым салаларын болашақта сапалы кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін талқылап, сараптамалық ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жаңарту мүмкіндіктері қарастырылды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Мамандығым-болашағым» жобасы аясында форсайт-сессия бастау алды. Жиында университет ректоры Ахмет-Заки Дархан бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың табысын арттыру жөніндегі тапсырмасымен сабақтас екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде университет тек білім ордасы ғана емес, өңірлік ғылыми-инновациялық орталыққа айналып келеді. Студенттерді ғылымға баулу мен жаңа білім беру стратегияларын іске асыру басты назарда.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің сәулет және құрылыс кафедрасының меңгерушісі Қуаныш Иманалиевтің айтуынша, екі күнге жоспарланған іс-шараның басты мақсаты-мамандықтардың еңбек нарығындағы өзектілігін талқылап, өндіріс пен білім байлынысын нығайту. Ол бұл бастама болашақ кадр даярлау сапасын арттыруға ықпал етенінін атап өтті.

Айта кетейік, бұл жиын Шымкент қаласының кадрларға қажеттіліктің өңірлік картасын әзірлеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗЫБЕК ИСА БАТЫЛ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ: ПАРЛАМЕНТТЕ МЕНЕН АРТЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҮШІН КҮРЕСКЕН ЕШКІМ ЖОҚ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІ МЕН ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ ӨТТІ

AdiletTV

Глава государства дал Правительству ряд поручений:

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз