adilettv Ақпарат

Құрметті цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде цифрландыру мен озық технологиялар ел дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні дамытуға айрықша басымдық беріп, Қазақстанды осы бағыттағы озық елдердің қатарына қосу міндетін қойды. Биылғы жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы Түркістан облысында осы бағыттағы жұмыстарға тың серпін беруде.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен жаңашыл бастамаларыңыздың маңызы зор. Өңірдің цифрлық әлеуетін арттырып, заманауи технологияларды кеңінен енгізу жолындағы еңбектеріңіз әрдайым нәтижелі болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және жаңа жетістіктер тілеймін!
Ізгі ниетпен!
Н. КӨШЕРОВ,
Түркістан облысының әкімі.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазнетте есірткі сататын 3 ірі алаң анықталды

Бұхарбай Парманов, Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы: Халық мүддесі үшін жасалған қадам

Admin

ДУБАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ УАҚЫТША ЖАБЫЛДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз