adilettv

ШЫМКЕНТТЕ 21 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ ПЫШАҚТАП, ӨЛТІРІП КЕТТІ

11 қаңтар күні Шымкент қаласында 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Полицияның мәліметінше, кісі өліміне қатысты күдіктінің жеке басы анықталған.
«Аталған дерек бойынша полиция кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта оны ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ БҰЗҒАН ЕР АДАМДЫ ҰСТАДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТІК ЖАС МАМАН WORLDSKILLS SHANGHAI – 2026 ЧЕМПИОНАТЫНДА МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Admin

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Admin

Пікір қалдырыңыз