adilettv

Шымкентте учаскелік полицей тоғыз жыл бұрын кісі өлтірген күдіктіні ұстады

Қылмыс Түркістан облысында 2015 жылдың наурыз айында орын алған. Арыс қаласының тұрғыны жанжал кезінде үш адамды атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушілердің бірі алған жарақатынан ауруханада көз жұмған. Сол жылдың сәуір айында ер адамға халықаралық іздеу жарияланды. Қауіпті қылмыскерді анықтап құрықтаған Еңбекші АПБ-ның учаскелік инспекторы Сәкен Ақбаев. Өз әкімшілік аумағының әрбір тұрғынын білетін полицей үнемі кепка киіп, бет-әлпетін жасыруға тырысып жүретін жігітке назар аударған. Оның жергілікті көлік жөндеу орталығына жақында жұмысқа орналасқанын білген инспектор ер азаматтың жеке басын анықтады. Тәртіп сақшысы оқиға туралы дереу жедел-тергеу тобына хабарлап, әріптестерімен бірге қашқынды қолға түсірді. Қазір күдікті қамауда, ол Арыстың құқық қорғаушыларына тапсырылатын болады.

 

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

166 ОҚУШЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛМАҚ: ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ЖАБЫЛАДЫ

AdiletTV

Бәйгеден Қазақстан чемпионаты: Ең мықтылардың жарысы Шымкентте басталады!

AdiletTV

АРЫҚ БІТЕЛДІ, АУЛА СУҒА ТОЛДЫ: САМАЛ-3 ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз