adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЗ АЛЫП ҚАШҚАН ЖІГІТТЕР СОТТАЛДЫ

Шымкент қаласында кәмелетке толмаған қызды алып қашу ісі бойынша сот үкімі шықты. Іс аясында үш адам – күйеу жігіт және оның екі досы кінәлі деп танылды. Сот оларды Қылмыстық кодекстің «Некеге мәжбүрлеу» бабымен айыпты деп танып, әрқайсысын 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Алайда бұл шешіммен сотталғандардың туыстары келіспейтіндерін білдірді. Олардың айтуынша, 17 жастағы қыз жігітпен бірге кетуге өз еркімен келісім берген және шамамен 40 күн бойы бір шаңырақ астында тұрған. Сондықтан олар оқиғада мәжбүрлеу фактісі болмағанын алға тартады.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте 17 жастағы студент қыз өзін белгісіз адамдар күштеп көлікке отырғызып алып кетіп, Сарыағаш ауданындағы ауылға апарғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, сол жерде оған қысым көрсетіліп, еркінен тыс әрекеттер жасалған.

Ал жігіттің жақындары қыздың айтқан уәждерімен келіспейді. Олар жас қыз бен жігіттің арасында өзара келісім болғанын және бірге тұруға екі жақ та ерікті түрде шешім қабылдағанын айтып отыр.

Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енгені немесе оған апелляциялық шағым түсірілетіні жөнінде ресми ақпарат жарияланған жоқ. Іс қоғамда қыз алып қашу мәселесіне қатысты қызу пікірталас туғызды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЦИФРЛЫҚ ӘДІЛЕТ: ХАЛЫҚҚА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ОНЛАЙН КӨРСЕТІЛУДЕ

AdiletTV

АЛМАТЫДА КОЛЛЕДЖДЕ ОҚЫТУШЫ СТУДЕНТТІҢ БАСЫНА НЫСАНА ҚОЙЫП, ОҚ АТҚАН

AdiletTV

Новые рабочие места, созданные в городе Шымкент за 9 месяцев 2025 года: показатели и результаты

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз