Денсаулық

Түркістан облысы: ҚҰРМЕТТІ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

1 қыркүйектен 1 қарашаға дейінгі еркін тіркелу науқаны басталғанын хабарлаймыз. Ордабасы аудандық орталық ауруханасына осы науқан барысында сіз де тіркеле аласыз!
Елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының (МСАК) жыл сайынғы еркін таңдау бойынша тіркеу кампаниясы басталуда. Оған тұрғындар 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін тіркеле алады. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерде таңдау ұсынылуда. Яғни, емхана дәрігерлері қажет болған жағдайда пациенттердің үйіне бара алады.
Емханаға тіркелу бірнеше жолмен жүзеге асырылады:
1 Атап айтқанда, www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде тіркеу ЭЦҚ болған кезде жүргізіледі.
2 Ал халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы: Жеңілдігі бар 15 санат «сақтандырылған» мәртебесіне ие және оларға МӘМС тізіміне кіретін барлық медициналық қызмет тегін көрсетіледі.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханада жыл басынан бері 115науқасқа коронарография әдісмен ота жасалған

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық аруханансында жүрек күнін түсіндірді.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз