adilettv

Шымкенттік полицейлер мерекесі қарсаңында ішкі істер органдарының зейнеткерін құттықтады

Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында ішкі істер органдарының зейнеткеріне барып қайтты.

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының символы, қарияларға көңіл бөлу, қамқорлық пен қолдау көрсетудің тағы бір себебі. Мереке қарсаңында жыл сайын шымкент қаласының полиция қызметкерлері аға буын өкілдері құрмет көрсетіп, тәлімі мен еңбегі үшін алғысын білдіреді. Биыл да игі дәстүрдің толқынында полицейлер зейнеткерлер мен тәлімгерлерін мерекемен құттықтап, қазыналы қариялардың үйлеріне барды.

Аудандық полиция басқармасының бастығы Жұмағұл Қуаныш Сағыналыұлы зейнеткерлерді құттықтап, адал қызметі үшін алғыстарын білдірді, оларға әрдайым сергек болуға тілек білдірді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛАДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Admin

АСТАНАДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫ ӘШКЕРЕЛЕДІ

Admin

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Admin

Пікір қалдырыңыз