16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

Шымкент қаласы: «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз!-демекші патрульдік полиция полкі ардагерлерді мейраммен құттықтады!

🏅Апамыз 1943 жылы туылған Тукишева Гүлсара алтын алқа иегері, ардагер атамыз 1941 жылы туылған Тукишев Жамалхан 4 ұл, 2 қыз, 21 немере, 24 шөбере тәрбиелеп отыр.

Бүгінде міне, отбасы құрғандарына 63 жыл болған.

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. 1990 жылы желтоқсан айының 15 күні БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл күнді «Халықаралық қарттар күні» деп жариялады. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырдан бастап пайда болған. Бастапқыда Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.

Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, ересектер тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет арнайы жәрдемақылар тағайындайды.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес, қарт адамдарға 60-74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал, ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді.

Қария — ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. “Қарты бар елдің қазынасы бар” деген асыл сөзді халқымыз бекер айтпаса керек. Қай кезде де халқының тілеуін тілеп, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман болсын!

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Admin

ЖАҢА ЕҢБЕК МИНИСТРІ — АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ

Admin

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ МЕН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ ДАМУДА

Admin

Пікір қалдырыңыз