18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
adilettv

ПРЕЗИДЕНТ ӘЗЕРБАЙЖАН МЕН АРМЕНИЯ АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІССӨЗДЕР ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөздер процесіне қатысты мәлімдемесін жариялады. «Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптаймын.

Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді. Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді»,-делінген құжатта.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Шымкент ҚПД Тұран АПБ-на қарасты №67 УПП-де жыл басынан бері құмар ойындардан аулақ болуға т.б жұмыстар атқарылып келеді.

AdiletTV

Өнеркәсіп – экономиканың басты тірегі!

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ – 2025 ЖЫЛ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз