5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
Ақпарат

Тоқаев православ қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Құрметті еліміздің православ қауымы! Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады. Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді.

Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады. Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді. Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!», — деді Президент.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 201 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛЫП, 317 МЫҢ АҒАШ ӘКТЕЛДІ

AdiletTV

ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

AdiletTV

ОБЛЫС ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУДЕ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз