16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
adilettv

2026 ЖЫЛЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?

2026 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық Сақтандыру жүйесіне деректер беретін мемлекеттік органдар тізімі жаңартылады. Үкімет Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ақпарат ұсыну тәртібін жаңартты. Тиісті қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Құжатқа енгізілген түзетулер азаматтар мен шетелдіктер туралы деректерді жинау мен беру процесін жетілдіруге бағытталған. Өзгерістердің басты мақсаты — Қазақстан азаматтары, сондай-ақ ел аумағында уақытша тұратын Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері туралы мәліметтердің уақтылы және толық жеткізілуін қамтамасыз ету.Бұрынғыдай, барлық ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жолданады. Бұл құрылым деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне жеткізумен айналысады.Сонымен қатар, қаулыда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 26-бабы мен 26-1-бабына қатысты сілтемелер нақтыланып, жауапты мемлекеттік органдар тізімі кеңейтілді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

33 села на западе Казахстана объявили “сухой закон»

Admin

В Шымкенте растет бюджетная самостоятельность: конкретные шаги, ориентированные на потребности населения

Admin

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады

Admin

Пікір қалдырыңыз