5.3 C
Shymkent
13 марта, 2026
adilettv

Шымкент қаласында «AMANAT» партиясы қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Спорт арқылы бала тәрбиесі: тәртіп, жігер, құрмет» және «Баланың гигиенасы-денсаулықтың негізі» атты кездесу өтті. Шара барысында спорттың бала тәрбиесіндегі рөлі мен жеке гигиенаның маңыздылығы талқыланды.

Кездесуде дәрігер Дария Болатқызы бала гигиенасы мен аурулардың алдын алу мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, бала денсаулығының басты негізі – тазалық пен дұрыс өмір салты. Қарапайым қол жуу, тісті тазалау және салауатты тамақтану секілді дағдылар көптеген жұқпалы аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Маман денсаулықтың адам өміріндегі ең үлкен құндылық екенін атап өтіп, оны сақтау мәдениетін баланың бойына ерте жастан сіңірудің маңызына назар аударды.

Гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова сөз сөйлеп, спорттың баланың психологиялық тұрақтылығы мен тұлғалық дамуына тигізетін оң ықпалын атап өтті. Оның айтуынша, спортпен шұғылдану арқылы бала өз мүмкіндігін танып, мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге үйренеді. Ал, бұл қасиеттер өмір бойы серік болатын маңызды дағдылардың негізін қалайды. Әлия Юсупова ата-аналарды балалардың бойында спортқа деген қызығушылықты ерте жастан қалыптастыруға үндеп, «Денесі мен ойы шыныққан бала – қоғамның сенімді тірегі» екенін ерекше атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін осындай кездесулердің жиі өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2026 ЖЫЛҒЫ 15 НАУРЫЗДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКIЗУ ТУРАЛЫ

AdiletTV

Задачи Главы государства и стратегические задачи развития города Шымкента

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ КӨП АУДАН – ШАРДАРА

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз