23.3 C
Shymkent
27 мая, 2026
Қоғам

Төтенше жағдайлар министрінен астаналық өрт сөндірушіні марапаттау сұралды

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтен төрт айлық баланы өрттен аман алып қалған астаналық өрт сөндірушісін ерлігі үшін марапаттау сұралды, — деп хабарлайды AdiletTV.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 наурызда Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрттен 1-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Мақсат Лесхан сәбиді алып шықты. Құтқарушының видеосын Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады.

Астанада 2 наурыз күні сағат 18:38 шамасында Нәжмиденова көшесі, 39 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің төртінші қабатындағы пәтерде өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында қатты түтін пайда болған, өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кіріскен. Өрт сөндірушілер 30 адамды аман алып қалды, оның 15-і балалар. Барлығы 38 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Өртті сөндіруге астаналық төтенше жағдайлар департаментінен 29 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Өрт 19:29-да сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тыныштықты сақтау: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға жүгінді

admin

Алматыдағы жер сілкінісі: тұрғын үй нарығы қалай әрекет етті

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҰЛТТЫҚ КИІМНІҢ СӘН ШЕРУІ ӨТТІ