11.3 C
Shymkent
5 октября, 2026
adilettv Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары(Основная Рубрика) Білім Жаңалықтар Қоғам Саясат Спорт Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ОТБАСЫЛАР АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ «БАҚЫТ МЕКЕНІ» СПОРТ КВЕСТІ ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта дәстүрлі «Бақыт мекені» атты спорттық квест өтті.

Биылғы сайысқа 30-ға жуық отбасы өтініш білдіріп, төрт күндік онлайн марафонда отбасын таныстыру, жақсылық жасау, ортақ тапсырмаларды орындау және шығармашылық бейнеролик әзірлеу кезеңдерінен өткен үздік алты отбасы финалдық кезеңде бақ сынады.

Қорытынды кезеңге қатысушылар спорттық әрі логикалық тапсырмаларды орындады. Мұнда жылдамдықпен қатар отбасы мүшелерінің ұйымшылдығы, өзара қолдауы және командалық әрекеті бағаланды.

Жобаның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасымен бірге уақыт өткізудің мазмұнды мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Іс-шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегер отбасылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Концерттік бағдарлама ұсынылып, ән мен би қойылымдары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АГРОТЕХНОЛОГИЯ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҮЗДІК КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢАРТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Admin

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Admin

2025 жылдың І тоқсанындағы өнеркәсіптік өсім: Шымкент өңірінің дамуының жаңа кезеңі

Admin

Пікір қалдырыңыз