18.3 C
Shymkent
8 октября, 2026
adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Ордабасы ауданына қарасты Қараспан елдімекенде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді.

Нысанның құрылысы биыл шілде айында басталып, бүгін ел игілігіне берілді. Жаңа бекет Қараспан ауылдық округіндегі 14 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрт пен өзге де төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған.
Қараспандағы жаңа нысан – «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Түркістан облысында ашылып жатқан 16-шы өрт сөндіру бекеті.
Бекет заманауи талаптарға сай қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда 6 қызметкер жұмыс істейді. Нысан арнайы өрт сөндіру автокөлігімен қамтылып, шақыртуларды қабылдау бөлмесі, жатын бөлме, асхана және жуынатын бөлме қарастырылған.
Бекеттің ашылу салтанатына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бағдад Чайзада, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, Ордабасы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жомарт Қоспанов, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Салтанатты шара барысында жаңа нысанның лентасы қиылып, бекеттің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Аудан әкімі ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып, Қараспан ауылдық округінің әкіміне өрт сөндіру бекетінің кілтін табыстады. Бекетке арнайы өрт сөндіру автокөлігі мен қажетті құрал-жабдықтар беріліп, қызмет көрсетуге кірісті. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігерге алғыс хат табысталды.
Шара барысында ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді.
Салтанатты шара соңында қонақтар бекет ауласына шырша көшеттерін отырғызды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУ: ШЫМКЕНТТЕГІ АВТОБУСТАР ПАРКІ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ

Admin

Сауданың шекарасы жоқ: Шекара маңындағы сауданың әлеуеті

Admin

Қазақстанда инфляция не болып жатыр

admin

Пікір қалдырыңыз