3.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БЕС МЫҢҒА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

17 — наурыз «Шаңырақ» күніне орай қаладағы перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің аналарына құрмет көрсетілді.

Мерекелік шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қатысып, жаңадан босанған аналарға «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйларын табыстады.

Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында мемлекетігіміздің тамыры тереңде екенін, тарихымыз тереңде жатқан ұлт екенімізді айта келіп, жыл басы Наурыз мерекесін тойлауға ерекше баса назар аударған болатын. Міне осыған сәйкес Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді.

— Наурызды тойлау бүгін Шаңырақ күнімен жалғасуда. Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады. Міне соның арқасында біздің қаламыз еліміздің дамуына ерекше үлес қосып отыр деп айта аламын. Мемлекет басшысы, үкіметімізде біздің халықтың санының молаюына ерекше мән беріп, қолайлы жағдай жасап отыр, — деді Сәрсен Абайұлы.

Айта кетейік, қазіргі таңда қала бойынша төрт перзентхана жұмыс істейді. Қалада жыл басынан бері 4911 сәби дүниеге келді. Оның 2493-і ұл және 2418 қыз баласы.

Бөлісу

Related posts

Тыныштықты сақтау: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға жүгінді

admin

Шаңырақ күні: Астанада неке қию рәсімі өтті

Қазақстандықтар жалған көмекке қанша ақша берді