8.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

Қазақстандағы кең ауқымды ветеринариялық іс-шаралар: эпизоотиялық салауаттылықты және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қазақстанда 2024 жылдың көктемгі кезеңі аясында кең ауқымды ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар басталды. Бұл іс-шаралардың мақсаты эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және республика бойынша жануарлар арасында жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау болып табылады.
Жануарлардың ерекше қауіпті 25 ауруы, оның ішінде бруцеллез, лейкоз, жылқы жұқпалы анемия және т.б. бойынша 13 635,6 миллион теңгеге 74,9 миллионнан астам диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 178,2 млн манипуляция жасау жоспарлануда. Бүгінгі таңда республикалық қорда жануарлар мен құстардың 23 ауруына қарсы 77,0 млн доза вакцина бар, олар көктемгі кезеңнің алдын алу шараларын уақтылы жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға жолдануда.
Іс-шараларға бүкіл ел бойынша ветеринариялық қызметтер, соның ішінде ветеринариялық станциялар мен пункттер қатысады. Үй жануарларының иелері жануарларын тексеру және вакцинациялау үшін қолжетімді етуге шақырылады.
Бұл бастама жануарлар арасында жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу қаупін азайтуға бағытталған. Қазіргі таңда бекітілген жоспарға сәйкес диагностика және екпе жұмыстары басталып кетті.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды
Бөлісу

Related posts

«Әкімге талай бардық». Дәулет ауылының тұрғындары жанайқайын айтты

admin

Қарағандыда өрт болған жерден ер адамның денесі табылды

Тоқаев Израильдегі жаңа елшіні тағайындады

Leave a Comment