22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Шымкент

САРБАЗДАР ҚЫЗМЕТІН АЯҚТАДЫ

Шаһарда  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында сарбаздарды шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті. Бір күні бірден 160 сарбаз әскери бөлім ұжымымен қоштасып, үйлеріне қайтты.

 Бөлімнің дерлік барлық жеке құрамы саптық алаңда жиналып, 12 ай абыроймен қызмет еткен жігіттерге «алғысын» айтты. Штаб бастығының командасынан кейін ту ұстаушылар тобы мен құрметті қарауыл взводы саптық алаңға бөлімнің жауынгерлік туын алып шықты. Енді «қызметін аяқтаған жігіттер» үшін бұл сәт ерекше жағымды болды. Бригада командирі полковник Әмірқожа Айтқожин қызмет барысында сарбаздардың жетістіктері мен әскери тәртібін атап өтті, өткен бір жыл ішінде барлық сарбаздар өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарғанына алғыс айтты.Мерзімді қызметте бір жыл ішінде сарбаздар көптеген оқу-жаттығу атыстарын және дабыл бойынша көтерулерін орындады. Күн сайын жігіттер рухты ғана емес, денені де шыңдады. Олар ҰБТ-сыз жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды, ал қызметте үздік нәтиже көрсеткендерге жоғары білім алу тегін ғана емес, грантпен оқуға мүмкіндік беріледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛА ӘКІМІ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ СОЗАҚ АУДАНЫНДА 4 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛД

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ НАСИХАТТАУ, ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙГЕН

Пікір қалдырыңыз