Жаңалықтар Шымкент

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ОН БЕСІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының он бесінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде  9 мәселе қаралып бекітілді.

Қоғамдық көлікте жолақы жеңілдігін беру, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын дамыту. Күн тәртібінде қозғалған мәселелердің жайы осы.

Жиынға әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, басқарма басшылары, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Сессия барысында Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтті.

Айта кетейік, 1-ші мамырдан бастап зейнеткерлер мен мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүре алады.Аталған тізімге 8 категорияға жататын азаматтар да кіреді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал мерт болды

Түркістан облысында ер адам дәрігерді пышақтап тастады

Әкім мен шенеуніктер киелі жерде ас бергені үшін жазаланды

Пікір қалдырыңыз