adilettv

ПРЕЗИДЕНТ ӘЗЕРБАЙЖАН МЕН АРМЕНИЯ АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІССӨЗДЕР ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөздер процесіне қатысты мәлімдемесін жариялады. «Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптаймын.

Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді. Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді»,-делінген құжатта.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте 2026 жылғы 20–22 қараша аралығында ІІМ бұйрығы негізінде республикалық деңгейдегі «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Admin

БАСҚАРМА БАСШЫСЫН ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТІРУ КІМДЕРГЕ КЕРЕК БОЛДЫ?

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТЕЛЕКӨПІР АРҚЫЛЫ KIA QAZAQSTAN АВТОМОБИЛЬ ЗАУЫТЫН АШТЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз