19.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Ақпарат Қылмыс

ЖАСЫРЫН ЕСІРТКІ ҚОЙЫП КЕТУШІ ҰСТАЛДЫ

Шымкентте жасырын есірткі қойып кетуші қылмыс үстінде ұсталды. Ер адамнан аса ірі мөлшерде «синтетика» тәркіленді.Оны полицейлер Қаратау ауданының аумағында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының аясында рейд жүргізу барысында ұстады. Азаматтан 36 орама мефедрон табылды.

Ұсталған азаматтың интернеттен «жұмыс» тауып, қала аумағында есірткі қойып кетумен айналысқаны анықталды. Ал жасырын орындар туралы ол мессенджерде бөлісіп отырған.Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне бірқатар тапсырма берді

Admin

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Admin

Жаңа Kaspi Red+ бөліп төлеу арқылы тиімді зат сатып алуды ұнататындарға арналған

Admin

Пікір қалдырыңыз