22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Ақпарат Шымкент

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтуын ұйымдастыру туралы баспасөз брифинг өтті. Жиын барысында ағымдағы оқу жылына қорытынды жасалынып, соңғы қоңырау салтанаты қалай өтілетіні айтылды. Білім саласындағы осы және өзге жаңалықтармен қалалық білім бөлімінің басшысы Нұргүл Шамшиева бөлісті.

Қалада 275 орта білім беру ұйымы бар, оның 272-сінде 259 147 оқушы білім алуда. Биыл 11 сыныпты 13 286 оқушы, ал 9 сыныпты 21 780 оқушы бітіреді. Биылғы жылдың түлектері аталған іс-шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз мектеп қабырғасында өткізілетін болады. Соңғы қоңырау салтанатын мейрамханада тойлауға рұқсат жоқ дейді салаға жауаптылар.

25 мамыр күні білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілер іс-шарасы өткізіледі. Өткізу барысында мектептің бірінші басшысының бұйрығымен және ата-аналар комитетінің келісімі болуы міндетті. Бұл іс-шараны бітіруші сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ұйымдастырады. Соңғы қоңырау шарасын ұйымдастыру кезінде түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары, мектептерде қатаң тәртіпте полиция және педагогтар тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылады.

Ал соңғы қоңырауды қалай атап өтетінін әр ата-ана өзі шешеді. Алайда салтанатты жиын мейрамханада емес, тек мектеп қабырғасында өтуі тиіс. Дүркіретіп тойлауға, қаражат жинауға рұқсат жоқ. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық беруге де тыйым салынған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚР энергетика вице-министрі жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді

AdiletTV

Олжас Бектенов: Үкімет Мемлекет басшысының экономика өсімін қамтамасыз ету бойынша қойған міндетіне қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады

AdiletTV

Семейде жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз