19.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Ақпарат

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов аймақта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді. Аудан бойынша қандай жұмыстар атқарылды? Алдағы жылға қандай жобалар тартылады.

Абай ауданы 27 елдімекеннен тұрады, халық саны бүгінде 260000ға жуықтаған. Жалпы аудан бойынша орналасқан елдімекендер толығымен ауыз сумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ табиғи газбен қамтамасыз ету қазіргі таңда 23 елдімекенді яғни 85,2 %-ды құрап отыр. Ал қалған 3 елдімекендерде жұмыстар қарқынды орындалып жыл соңына дейін қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Ал 4 елдімекеннің бірі Тәуелсіздікке 20 жылдық шағын ауданын газбен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп 2025 жылы аяқталады деп күтілуде.

Жиын соңы сұрақ жауаппен жалғасты. Жиынға келгендер тағы да инфрақұрылым сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді ортаға салды. Аудан әкімі аталған мәселелерді шешіп, алдағы уақытта жұмыстар жүйелі түрде атқарылатынын атап өтті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІК ЖАС МАМАН WORLDSKILLS SHANGHAI – 2026 ЧЕМПИОНАТЫНДА МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Admin

«Біз сені ұзақ күттік»: Баян Алагөзова үшінші рет ана атанды

Admin

Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне бірқатар тапсырма берді

Admin

Пікір қалдырыңыз