23.7 C
Shymkent
9 июня, 2026
Ақпарат

Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті Ақордада қарсы алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Кейін Шавкат Мирзиёев пен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Екі ел басшысы шағын құрамдағы кездесуге қарай көтерілді.

Еске салсақ, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайынан өзі қарсы алды. Бұл мемлекеттік сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алған еді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстандық гимнаст Азия чемпионы атанып, Олимпиадаға жолдама алды

AdiletTV

ШЫРАЙЛЫ ҚАЛАМЫЗДА ДЭВИС КУБОГІ МЕН БИЛЛИ ДЖИН КИНГ КУБОГІНЕ АРНАЛҒАН АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

AdiletTV

ҚХА СЕССИЯСЫНДА ҚАНДАЙ ТАҚЫРЫПТАР ҚАМТЫЛДЫ?

Пікір қалдырыңыз