adilettv

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымшаһарда педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Әр жыл сайын өтетін бұл іс-шара білім беру саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға, жаңа оқу жылына дайындықты пысықтауға арналған.
“ДИДЖИТАЛ ҚАЗАҚСТАН-ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» . Бүгінгі өткен тамыз конференциясының басты тақырыбы осы. Жиында елеулі еңбегі үшін қала әкімінің алғыс хатына ие болған Жанетта Қанайқызы шаһардағы маңызды мәселелерді атап өтіп, білім беру саласындағы жағымды жаңалықтарға тоқталды.

Конференция барысында білім беру саласындағы реформалар, оқыту сапасын арттыру, жаңартылған бағдарламалар мен инновациялық технологияларды енгізу тақырыптары көтерілді. Жиынға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге тоқталып өтті.

Конференцияда саланың майталмандары марапатталып, жетістіктері атап өтілді. Педагогтердің пікірінше, мұндай шаралар ұстаздық мамандықтың беделін арттырып, білім сапасын жақсартуға үлкен серпін береді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Цены на сжиженный нефтяной газ вырастут с 1 июля в Казахстане

Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі: Шымкент қаласы бойынша көрсеткіштер мен талдау

AdiletTV

Қазіргі негізгі инвестициялық жобалар: Шымкенттің инвестициялық қарқыны артып келеді

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз