Полиция

Шымкент қаласы: Өтпеліге өміріңді қима!

Бүкіл дүниежүзін алаңдататын жайттардың бірі — жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау немесе суицид болып табылады. Бүгін Жастар ресурстық орталығының психологтарының ұйымдастыруымен Орталық Азия Инновациялық университет жастарының катысуымен «Өтпеліге өміріңді қима» тақырыбында кездесу өтті.
Жастарға психологиялық көмек көрсету арқылы өз мүмкіндігіне деген сенімділікті қалыптастыру және психологиялық құбылыстардың алдын алу мақсатында өткен кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаментінің өкілдері мен психолог мамандар қатысты. Атап айтқанда, Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлім бастығы, полиция подполковнигі Жайлаубек Шыңғыс Нұржанұлы, Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмыс тобының жетекшісі, полиция капитаны Шегірбай Мақсат Қалыбайұлы, сондай-ақ Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» психолог маманы Сайдахан Жібек Мұратқызы қатысып, өз салалары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкенттің барлық оқу орындарында «Адалдық сағаты» өтті

AdiletTV

ПСИХОЛОГИЧЕСКАЯ ВСТРЕЧА ПО ПРОФИЛАКТИКЕ САМОУБИЙСТВ, ЛУДОМАНИИ И ИНТЕРНЕТ-МОШЕННИЧЕСТВА

AdiletTV

Шымкент қаласы: есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары жүргізілді

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз