23.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Полиция

Шымкент тұрғынынан 30 келіге жуық қарасора тәркіленді

Абай ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақта рейд жүргізу кезінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру жайтын анықтады.
Жергілікті тұрғынның бақшасынан тәртіп сақшылары қарасора бұталарын тауып, тәркіледі. Тыйым салынған өсімдіктердің жалпы салмағы 30 келіге жуық.

Ер адамға қатысты 300-бабымен «құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, ол бұрын соңды ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін сотты болғаны белгілі болды.
Қазіргі таңда жайт бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полицейлер есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекетке жол берілмеу қажеттігі туралы еске салады. Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы “Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде” Зорлық -зомбылықсыз Қазақстан жобасы бойынша кездесу өтті.

Admin

Шымкент қаласы: ІІМ іздеуде жүрген алаяқтарды ұстады.

Admin

Шымкент қаласы: «Жолда қабылдау» акциясы барысында полицейлер 200-ге жуық сауалға жауап берді

Admin

Пікір қалдырыңыз