8.3 C
Shymkent
26 октября, 2024
adilettv

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Шымкентте әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, онда мемлекеттік сатып алу, гранттық қаржыландыру салаларындағы, сондай-ақ құқық қорғау блогындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері қаралды.

Атқарылған жұмыстар туралы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев, полиция департаменті басшысының орынбасары Арман Бейсенбаев, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік басқармаларының басшылары баяндама жасады.

Полиция және өрт сөндіру қызметі жүйесінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты күшейту ұсынылды.

Комиссия отырысында рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурстардың қорытындысы бойынша өнім берушілерді бағалаудағы кемшіліктер қаралды.

Ағымдағы жылдың өзінде автоматты түрде, комиссиясыз жүзеге асырылатын бұл әдіспен 111 млрд теңгеге 219 келісімшарт жасалған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл әдіспен сатып алу сомасы 47 есеге өскен (2,3 млрд-тан 111 млрд-қа дейін).

Сондай-ақ, жиында бизнес-идеяларды іске асыруға бөлінген гранттарға, «Ұзақ құрылыстар» мәселесіне, оның ішінде құрылыс мерзімдерінің ұзаққа созылу себептеріне және оларды ағымдағы жылы аяқтауға болатын қадамдарға ерекше назар аударылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Кәсіпкерлер палатасында құрылыс саласындағы бірқатар мәселе талқыланды

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ЖӘНЕ САТИРА ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

AdiletTV

Ринат Зайытов: «800 мың теңге жалақым жетпейді»

Пікір қалдырыңыз