16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛДІ

2025 жылғы 16 қаңтардан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталды. Ақпан айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 47,9 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары 51 азаматқа табысталды.

Тұрғын үй сертификаттарына ие болған азаматтардың санаттары:
* I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар – 10
* Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 9
* Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 5
* Көпбалалы отбасылар – 16
* Толық емес отбасылар – 8
* Бюджеттік мекеме қызметкерлері – 3

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қайтарымсыз негізде беріледі. Сертификат I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларына, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар мен көпбалалы, толық емес отбасыларына және Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлеріне беріледі.

Өтініштер http://kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады, электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

Биыл 500,0 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарлануда. Жыл басынан бері 103 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТАҒЫ БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ КЕСЕНЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Admin

ЕУРОПА ОДАҒЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРІ САУДА ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСІ

Admin

Шымкент қаласы: Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжде “ Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан жобасы “бойынша кездесу өтті.

Admin

Пікір қалдырыңыз