adilettv

«КҮМІС КӨМЕЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

🔷 Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен бүгін шаһарда тұңғыш рет «Күміс көмей» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткізілген байқау Қазақстанның халық әртістері Үрия Тұрдықұлова мен Жамал Омарованы еске алуға арналды.

🔷 Өнер сайысында еліміздің әр өңірінен 16 дәстүрлі әнші бақ сынады. Үш кезеңнен тұратын ән байқауының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының күміс көмей әншісі Оразалы Жаңабай бас жүлдеге ие болды. Оған 1 миллион теңге қаржылай сыйақы табыс етілді. Бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген әнші Дияс Мұратхан, екінші орынды Қарағанды облысынан келген Қуандық Төкенов пен Жамбыл облысының өкілі Айсұлтан Көпбосын жеңіп алды.

🔷 Қалған жүлдегерлер мен қатысушылар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДА ТҮСТІ МЕТАЛДАРДЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ КАБЕЛЬ ӨНДІРЕТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ «CREATIVE ETHNO MARKET» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ ӨТТІ

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАН БҰҰ-НЫҢ ЕСІРТКІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНДА: ҚОРҒАНЫС СТРАТЕГИЯСЫНАН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНІҢ ТАБЫСТАРЫНА ЖАҺАНДЫҚ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТКЕ КӨШУ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз