21.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
adilettv

«КҮМІС КӨМЕЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

🔷 Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен бүгін шаһарда тұңғыш рет «Күміс көмей» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткізілген байқау Қазақстанның халық әртістері Үрия Тұрдықұлова мен Жамал Омарованы еске алуға арналды.

🔷 Өнер сайысында еліміздің әр өңірінен 16 дәстүрлі әнші бақ сынады. Үш кезеңнен тұратын ән байқауының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының күміс көмей әншісі Оразалы Жаңабай бас жүлдеге ие болды. Оған 1 миллион теңге қаржылай сыйақы табыс етілді. Бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген әнші Дияс Мұратхан, екінші орынды Қарағанды облысынан келген Қуандық Төкенов пен Жамбыл облысының өкілі Айсұлтан Көпбосын жеңіп алды.

🔷 Қалған жүлдегерлер мен қатысушылар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НАУРЫЗНАМА АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР КӨРСЕТІЛІМІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Admin

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

Admin

30 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЛДЫҚСЫЗ КҮН

Admin

Пікір қалдырыңыз