adilettv

МЕДБИКЕЛЕР МЕРЕЙЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ


12 мамыр – халықаралық мейірбикелер күні. Бұл айтулы датаны дүниежүзілік деңгейде атап өту бастамасы өткен ғасырдың бел ортасында көтерілген еді. Айтулы мерекеге орай Шымкент қаласы Жоғары медицина колледжінде Өз кәсібінің үздігі атты қалалық байқау өтті.
Мейірбике мамандығы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін әлеуетті мүмкіндігі орасан қызметтің бірі. Қазіргі денсаулық саласындағы маңызды мәселелердің бірі ретінде жоғары білікті медбике мамандарын дайындау екенін айтуға болады. Ол маманға медициналық білім мен біліктіліктен бөлек, ойлау, ұйымдастырушылық қабілет, белсенділік мен мобильділік қажет етіледі. 12 сәуір халықаралық мейірбикелер күніне орай қаламыздағы мейірбикелер арасында сайыс ұйымдастырылды. Байқауға үздік мамандар қатысып, өзара бақ сынасты.
Жалпы қаламызда 12000ға жуық орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Соңғы жылдары еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде мейіргерлердің рөлі едәуір артты. Дәрігерлердің жүктемесін азайтуға, пациенттер ағынын тиімді үйлестіруге, сондай-ақ медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін орта буынды қызметкерлер жұмысының маңызы зор. Қалалық диагностикалық орталықтың бас медбикесі қызметін атқарып жүрген Гүлзада Кенжебекова, жұмыс өтілінің 43 жылға жуықтағанын айтады. Бұл сала тек мамандық қана емес, адамдардың өмірін сақтау, сондай-ақ олардың жан-сырын түсіну.
Медбикелер – шеберлік пен білімді ұштастырған, жан-жақты, күтім процесіне толығымен жауапты, мейірімділік көрсететін жандар. Қазіргі уақытта медбикелердің ісін модернизациялау жұмыстарының қарқыны жоғары. Бүгінгі медбикелерді тек дәрігер айтқанының орындаушысы ғана деп түсінуге болмайды. Олардың міндеті – адамдарды, отбасыларды, халықты психикалық, физикалық, әлеуметтік потенциалын жүзеге асыруға үйретіп, дағдыландыру.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

“Біз – Мәңгілік ел ұландарымыз” атты әскери-патриоттық сайыс өтті

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ 200-ДЕН АСА ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Алматыда жазушы Еркінбай Әкімқұловтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз