28.3 C
Shymkent
2 августа, 2025
adilettv

Мектептерге бейнебақылау камераларын орнату жобасына 5,5 млрд теңге көлемінде кезең-кезеңімен инвестиция салынады

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 100 адамнан асатын барлық нысандар террористік тұрғыдан осал объектілер ретінде тіркеліп, олардың бейнебақылау жүйелері Жедел басқару орталығына тікелей қосылуға міндетті. Бұл талап мектептерге де қатысты болып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралы ретінде қарастырылуы тиіс. Алайда қазіргі таңда кейбір мектептерде бұл талап толық орындалмаған. Мысалы, бейнекамералар тек бір корпусқа орнатылып, басқа ғимараттарда немесе салаларда мүлдем жоқ болып келуде. Бұл жағдай оқушы жарақат алған кезде немесе тәртіп бұзу орын алғанда істің мән-жайы мен себептерін нақты анықтауға мүмкіндік бермейді. Мұндай кемшіліктерді жою мақсатында баспалдақ алаңдары және құрылыс жағынан жасырын болатын «көлеңке» бөліктерге де бейнебақылау камералары тіке орнатылады. Бұл – оқушылардың қауіпсіздігін максималды деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Жобаны жүзеге асыратын компания жыл соңына дейін шамамен 4,5 млрд теңге көлемінде инвестиция салуға міндетті. Жалпы смета бойынша 5,5 млрд теңге үш жылға бөлініп, қызмет көрсету негізінде ай сайын төленеді. Бұл қаржы Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен бекітіліп, биылғы жылы үшін бюджет қарастырылған. Сонымен қатар, келісімшарт бойынша төртінші жылы компания тегін қызмет көрсету кепілдігін береді, әрі бес жылға кепілдік беріледі. Жобаның бірінші кезеңінде 10 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылмақ. Қазіргі уақытта мектептерде пайдаланылып отырған камералардың 2 600-і ескі аналогтық жүйелер, техникалық талаптарға сәйкес келмейді. Жоба шеңберінде бұл камералар толықтай жаңартылып, Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына шығуға бейімделеді. Нәтижесінде, барлық дербес бөліктерде – коридорларда, ойын алаңдарында, спорт залдарында және критикалық түйіндерде – үздіксіз бақылау қамтамасыз етіледі.
Жеке тұлға құқығы мәселесі
Сәрсен Құранбектің сөзіне қарағанда, камера орнату кезінде адамдардың жеке өміріне басып кірмеу қағидасы сақталады. Атап айтқанда:
дәретханаларға камера орнатылмайды, себебі бұл жеке кеңістікке қол сұғу болып есептеледі;
Ал оқу кабинеттері – қоғамдық кеңістік, онда оқу процесі өтетіндіктен бейнебақылау камераларын орнату заңға қайшы келмейді және жеке тұлғаның құқығына қол сұғу емес.
Жобаның мақсаттары мен тиімділіктері
Құқықтық сәйкестікпен жұмыс істеу, Қазақстан Республикасының заңына толық сәйкес;
Оқушылардың қауіпсіздігін арттыру, оқиғалар орын алғанда объективті жағдайды қайта қарауға мүмкіндік;
Жоспарлы әрі жүйелі жаңғырту – мемлекеттік балабақшалар мен мектептер инфрақұрылымын жаңарту;
Инвестициялық жүктемені кезең-кезеңмен бөлу – алғашқы жылы 4,5 млрд, қалған кезеңдерде ай сайынғы инвестиция;
Ұзақ мерзімді сервистік және кепілдік қызмет – төртінші жылы тегін;
Коррупция мен құқықбұзушылықтың алдын алу, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

AdiletTV

САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРІП ҰЛТТЫҚ ОЙЫНҒА ҚАТЫСЫП, СЫЙЛЫҚТАР АЛДЫ

AdiletTV

Качество медицинских и фармацевтических услуг в Шымкенте выходит на новый уровень

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз