28.3 C
Shymkent
22 августа, 2026
adilettv

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІГІНЕ – 35 ЖЫЛ

Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғанына 35 жыл толып отыр. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі тарихи маңызы зор құжат «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл еліміздің тәуелсіздікке бастар алғашқы әрі шешуші қадамы болды.
Аталған Декларацияда Қазақстанның саяси және экономикалық дербестігі, табиғи байлықтарға иелік ету құқығы, ұлттық мәдениетті дамыту және халықаралық қатынастарда тең дәрежеде әрекет ету мүмкіндігі айқындалды. Осы тарихи құжат ел дамуының жаңа кезеңін бастап беріп, болашақ Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық және саяси негізін қалады.
Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданған күн халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысы мен бірлігінің символы. Бұл күн еліміздің тарихындағы аса маңызды белес, жас ұрпаққа отансүйгіштік пен тәуелсіздік рухын дәріптейтін ұлағатты өнеге.
Бүгінде Қазақстан демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде әлемдік қауымдастықта лайықты орнын иеленіп отыр. Егемендік халқымыздың еркіндігінің, елдігіміздің, ұлт бірлігінің басты кепілі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РАЗВИТИЕ СЕРВИСА И СФЕРЫ ОБСЛУЖИВАНИЯ В ГОРОДЕ ШЫМКЕНТ В 2025 ГОДУ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Тұран АПБ қарасты №66 шы УПП-нің әкімшілік аумағында зорлық-зомбылық тақырыбында жыл басынан бері ауқымды жұмыстар жасалды.

AdiletTV

В ШЫМКЕНТЕ ОБНОВЛЕНА СИСТЕМА ДОСТУПНОСТИ ЖИЛЬЯ И УСИЛЕН КОНТРОЛЬ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз