23.3 C
Shymkent
25 апреля, 2026
adilettv

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

📍Түркістан облысында биылғы көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Диқандар дала жұмыстарына ерте кірісіп, жұмыстарды уақытында атқаруда. Қазіргі таңда облыс бойынша жер жырту жұмыстары 90 пайызға орындалды. Ал сор шаю жұмыстары 65 пайызға жетті. Барлық жұмыстар облыс басшылығының жіті бақылауында.
▪️Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 919 мың гектар жерге егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға артық. Оның ішінде 536 мың гектарға жаздық дақылдар, 208 мың гектарға күздік егіс, ал 175 мың гектарға жоңышқа өсіріледі.
▪️Егіс көлемінде бірқатар өзгерістер бар. Мақта 162 мың гектарға егіледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға көп. Жүгері 55,2 мың гектарға, мақсары 85,4 мың гектарға дейін ұлғайды. Ал суды үнемдеу мақсатында күріш алқабы қысқартылып, 3,5 мың гектарды құрайды.
▪️Ерте пісетін көкөністер мен картопты 24 мың гектарға егу жоспарланған. Бүгінгі күнге оның 7 мың гектарына егіс жүргізілді.
▪️Шаруалар тұқыммен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар биыл егіс алқаптарына 204 мың тонна минералдық тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Қажетті тыңайтқыш көлемі алдын ала келісілген. Көктемгі дала жұмыстарына 37,4 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы дайын.
▪️Шаруаларды қолдау мақсатында тауар өндірушілерді несиелендіруге 37 млрд теңге бөліну жоспарланған. Бүгінде 7 млрд теңгеге 331 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ көктемгі жұмыстарға қажетті 53 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді.
▪️Жалпы, Түркістан облысында көктемгі егіс жұмыстары белгіленген мерзімде жүргізілуде. Бұл – мол өнім алуға және өңірдің ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты

Шымкентте «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы барысында семинар өткізілді

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛАҒА 200 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛЕДІ

Пікір қалдырыңыз