21.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
adilettv

ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨЛІКТЕ КАННАБИС МАЙЫН САҚТАҒАН ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ

Астанада полицейлер көлікте каннабис майын сақтаған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Астанада тәртіп сақшылары жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында есірткі затын сақтау фактісін анықтады. Полицейлер елорданың жанармай бекеттерінің бірінде қарапайым тескеріс жүргізген. Тексеріс барысында полицейлер 23 жастағы жүргізушінің көлігінің алдыңғы жолаушылар орындығының астынан каннабис майын тауып тәркіледі.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция есірткі заттарын сақтау және айналымға енгізу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады. Тәртіп сақшылары осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытында тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

 ЛУВР МҰРАЖАЙЫН ТОНАҒАНДАРДЫҢ ВИДЕОСЫ ТАРАДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АЯСЫНДА БІРІКТІ

AdiletTV

В КАЗАХСТАНЕ ВЕДЕТСЯ ОЦИФРОВКА РЕЕСТРА ГОСФУНКЦИЙ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз