adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласында 2025–2026 жылғы эпидемиологиялық маусымның басталуымен тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың өсуі байқалуда. Эпидемиологиялық кезең 1 қазаннан 30 сәуірге дейін жалғасады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, соңғы апталарда 7 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелді, олардың ішінде жүкті әйелдер мен балалардың үлесі басым. Зертханалық тексерулер нәтижесінде тұмаудың А типі анықталған жағдайлар да тіркелді.
Қауіптің алдын алу мақсатында қалада тұмауға қарсы екпе науқаны жүріп жатыр. Биыл тәуекел тобына жататын азаматтарға арналған 150 мың доза «Гриппол+» вакцинасы сатып алынды. Қазан айының 20-сына дейін 80 мыңнан астам адам иммундаудан өтіп, қамту деңгейі 12 пайызға жетті.
Медициналық және білім беру ұйымдарында санитариялық талаптар күшейтілді: кіреберіс сүзгілер ұйымдастырылып, маска режимі мен дезинфекциялық шаралар тұрақты бақылауда. Балалар арасында ауру белгілері байқалған жағдайда оқыту уақытша онлайн форматқа ауыстырылады.
Тұрғындар арасында түсіндіру және ақпараттық жұмыстар белсенді жүргізілуде. Департамент мамандары тұрғындарды жеке бас гигиенасын сақтау, үй-жайды жиі желдету және ауру белгілері байқалғанда өздігінен емделмей, дәрігерге жүгіну қажеттігін ескертеді.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, маусымдық инфекциялардың алдын алу шараларына белсенді қатысуға шақырады.
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінңғ мәліметі бойынша Қазақстанда соңғы аптада ЖРВИ-дің 142 582 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі сырқаттанушылық деңгейінен 13%-ға төмен.
• Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ЖРВИ-дың 593 065 жағдайы тіркелді, 1,4 есе төмендеу байқалады.
• Эпидемиялық маусым басталғаннан бері тұмауға 1202 үлгі тексерілді, оның ішінде А тұмауының (H3N2) зертханалық расталған 3 жағдайы анықталды.
• Халықтың осал топтарына тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізу шеңберінде ағымдағы маусымда тіркелген штамдары бар 2,1 млн доза көлемінде тұмауға қарсы вакцина сатып алынды.
• Республикада тұмауға қарсы 1 158 965 адам немесе тиісті контингенттің 50%-ы егілді, вакцинациялау жалғасуда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

УНИВЕРСИТЕТТЕГІ АҚША ЖЫМҚЫРУ СХЕМАСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

AdiletTV

САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРІП ҰЛТТЫҚ ОЙЫНҒА ҚАТЫСЫП, СЫЙЛЫҚТАР АЛДЫ

AdiletTV

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы мүмкін

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз