adilettv

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ

Жол апаты 2 қараша күні Бесқарағай ауданы, Жыланды ауылының маңында болған еді. Омбы- Майқапшағай автожолында Toyota Avensis жеңіл автокөлігі мен Howa жүк көлігі бір-біріне соғылып, үш адам қаза тапқан болатын.

Қаза тапқандардың бірі 19 жастағы аралас жекпе-жектен Азия чемпионы, ҚР құрамасының мүшесі Нұрмағамбет Тұрарбеков екені анықталды. Ол Астанада өткен Азия чемпионатына қатысқаннан кейін командаластарымен бірге Семей қаласына қайтып бара жатқан. Alikhan Bokeikhan University мәліметінше, студенттер ресми шақыру негізінде чемпионатқа жіберілген. «Азия чемпионатына шақыру алғаннан кейін біз студенттерді сабақтан босатып, жарысқа қатысуға рұқсат бердік. Өкінішке қарай, іс-шарадан кейін осындай қайғылы оқиға болды. Олар оқу мен спортты ойдағыдай ұштастырған ынталы жастар еді», — деді университет проректоры Азамат Азатов.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Еңбек Адамы -Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын ашу тобының аға жедел уәкілі полиция капитаны Дусенов Жанболат

AdiletTV

Новое производство в Шымкенте: фабрика по выпуску 70 миллионов тетрадей в год

AdiletTV

ҚАЛАМЫЗДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІЛЕП ОТЫР

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз