11.3 C
Shymkent
15 октября, 2026
adilettv

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

▪️Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповтің кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов та қатысты.
▪️Кездесу барысында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және шекара маңы аймақтарының әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.
▪️Әсіресе, туризм саласын дамыту, өндіріс орындарын ашу, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту бағыттарына ерекше назар аударылды.
▪️Нұралхан Көшеров Түркістан облысы мен Өзбекстанның көршілес өңірлері тарихи, мәдени және экономикалық тұрғыдан тығыз байланыста екенін атап өтті. Сонымен бірге тараптар шекара маңы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру, инфрақұрылымды дамыту және туризм саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жолдарын талқылады.
▪️Айта кетейік, Түркістан облысының делегациясы Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Үргеніш, Хиуа қалаларында болып, жергілікті басшылармен, туризмге жауапты тұлғалармен кездесіп, келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДЕ

Admin

Шымкент қаласы: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Admin

АЛМАТЫДА 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ УАҚЫТ КАПСУЛАСЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ.

Admin

Пікір қалдырыңыз