adilettv

ҚАЗАҚСТАН МЕН АРМЕНИЯ АРАСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ АШЫЛАДЫ

Армения премьер-министрі біздің елде ресми сапармен жүр. Ақордада өткен кездесуде қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен армян үкіметінің басшысы Никол Пашинян келіссөз қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Осы кездесуде Қазақстан Президенті мен Армения Премьер-министрінің қатысуымен ресми делегация мүшелері екі елдің үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарымен алмасты. Оның ішінде құпия мәліметтерді беру, қолдану, қорғау және сақтау туралы,  дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салу,  сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы, өнеркәсіп, цифрландыру саласындағы келісімдер, ауыл шаруашылығы, мәдениет, ғылым саласындағы меморандумдар бар.

Армения премьер- министрі Никол Пашинян елімізге келе салып желіні шулаты. Пашинян Instagram-акаунтында қысқа бейнеролик жариялаған. Онда Астананың көрінісінен басталып, соңында қолымен «жүрек» көрсетеді. Ал  видео-постқа қазақ әншісі BAYANSULU-ның «Aua rai» атты композициясын пайдаланған. Пашинянның   бұл әрекеті «жағымды вайб» алғаны туралы жарыса жазылды. Тіпті әлеуметтік желіні қолданушылар «пашинянстайл» деп оның салған постын қайталап жатыр. Не керек Армения премьері әлеуметтік желіде белсенді екенін көрсетті. Ал енді Пашинянның елімізге сапарының ресми тұсына өтсек,Ақорда қадірлі қонағына дәстүрлі қарсы алу құрметін көрсетті. Көк кілем, Құрметті Қарауыл ротасының оркестрі, қонақты тізіле қарсы алып тұрған қазақ-армения делегациясы. Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения премьері Никол Пашинян үкімет мүшелерімен қол алысып, танысып болған соң,екі елдің әнұраны ойналды. Шум

Одан әрі Тоқаев пен Пашинян келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев армян үкімет басшысының Қазақстанға алғашқы сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға тың серпін беретініне тоқталды.

«Аса құрметті Никол Воваевич, Қазақстанға қош келдіңіз! Бұл сапар екі елдің стратегиялық серіктестік деңгейіндегі қарым-қатынасына жаңа серпін беретініне сенемін. Қазақ халқы армян жұртына, мәдениетіне зор құрметпен қарайды»

кезегінде армян премьері екі ел ынтымақтастығының жаңа кезеңі Тоқаевтың өткен жылғы Ереванға сапарынан басталғанын айтты. Сондай-ақ ол Қазақстан-Армения арасындағы бизнес серіктестікті қайта жаңғырту керектігін алға тартты.

— Бұл – шын мәнінде қарым-қатынасымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік беретін бірден-бір сапар. Сапар аясында саяси диалогқа, сауда-экономикалық байланыстарға да, гуманитарлық қарым-қатынастарға да тың серпін беруге мол мүмкіндік бар. Мұнан бөлек, екі ел арасындағы үкіметаралық комиссия жұмысын қайта жандандыру керек. Елдеріміз арасындағы бизнес серіктестікті қайта жандандырғанымыз жөн болар еді. Осы тұрғыда бизнес форумдар, миссиялар, келіссөздер өткізуіміз қажет.

құрамдағы келіссөздерде сауда-экономикалық, көлік-логистика, гуманитарлық бағыттағы жобалар талқыланды.  Сондай-ақ Қазақстан мен Армения елдері арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылады.  Қазіргі таңда тарифтерді субсидиялау мәселесі талқылануда деді Ұлттық экономика министрі тілшілерге берген сұқбатында.

— Егер Армения біздің батыс өңірлерімізді жеміс-жидпекпен және көкөніспен қамтамасыз ете алса, бұл біз үшін өте тиімді болар еді. Ең бастысы – бізде бұрын тікелей әуе рейстері болған, қазір уақытша тоқтаттық. Себебі Ереван әуежайындағы қызмет көрсету өте қымбат, бір адамға 65 доллар, бір тонна авиакеросин 1 248 доллар тұрады. Қазір оны қандай да бір жолмен субсидиялау мәселесі қаралып жатыр. Мұндай шарттармен SCAT-та, FlyArystan-да рейстерді қайта ашуға дайын.

КСМ:Екі елдің сауда айналымы 2020 жылмен салыстырғанда 6 есе өсіп, 82 миллион долларға жеткен. Қазақстан Арменияға 348 миллион долларға тең тауар экспорттауды ұсынған. Біздің елден темекі өнімдерін, трансформаторлар, ферроқорытпалар, металл бұйымдары мен металпрокат жеткізеледі. Олар бізге жеміс- жидек пен көкөністер, сондай-ақ темекі өнімдерін, әлемге кеңінен танымал армян коньягын жеткізеді. Айта кету керек, Пашинянның елімізге сапары аясында Астанада армян әліпбиінің негізін қалаушы, әулие Месроп Маштоц атындағы көше ашылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖИТЕЛИ ШЫМКЕНТА ВНОСЯТ ВКЛАД В УЛУЧШЕНИЕ ЭКОЛОГИЧЕСКОГО ОБЛИКА ГОРОДА

AdiletTV

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ҚАРАЛДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРЫЛҒАН

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз