17.3 C
Shymkent
16 октября, 2026
adilettv

ПОЛИЦЕЙЛЕР ІРІ КӨЛЕМДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ТӘРКІЛЕДІ

Алматыда полицейлер ірі көлемде тыйым салынған темекі өнімдерін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласы криминалдық полициясының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде электрондық темекі құрылғылары мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен байланысты ірі құқық бұзушылық анықталды.
Жедел іс-шаралардың қорытындысы бойынша заңсыз айналымнан 17 мыңнан астам электрондық құрылғы және 13 мыңнан жоғары темекі өнімдерінің қорабы тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген барлық өнім процессуалдық тәртіппен іске тіркелді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin

ПАРЛАМЕНТ БІР СӘТТЕ БІРНЕШЕ ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Admin

БАДАМ АЙМАҒЫНДАҒЫ СУ ЖАҒАЛАУЫ НЫҒАЙТЫЛУДА

Admin

Пікір қалдырыңыз