adilettv

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРЫП, ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ПЕН САПА АРТЫП КЕЛЕДІ

2025 жылы Шымкент қаласының білім беру саласында ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып, инфрақұрылымнан бастап инклюзия, жекеменшік секторды қолдау және қосымша білім беруге дейінгі бағыттарда нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл қадамдар қаладағы білім беру жүйесінің қолжетімді, ашық және заманауи болуына жол ашып отыр.
Қалада ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған 25 арнайы ұйым жұмыс істейді. Олардың қатарында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, мемлекеттік және жекеменшік түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, арнайы мектеп-интернаттар мен балабақшалар бар.
Сонымен қатар, 6 жалпы білім беретін мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Мұнда балалардың жеке қажеттіліктеріне бейімделген білім беру процесі ұйымдастырылып, арнайы мамандар қызмет көрсетуде. Арнайы мектеп-интернаттарда пандустар орнатылып, ішкі инфрақұрылым толықтай бейімделді. Бүгінде қала бойынша 15 мыңнан астам ерекше білім беру қажеттілігі бар бала тіркелген, ал қабылдау мен қорытындылау жұмыстары «Malahit» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілуде. Кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында биыл 61 арнайы педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Білім беру саласындағы тағы бір маңызды бағыт – жекеменшік мектептерді қаржыландыру. 2025–2026 оқу жылында жекеменшік білім беру ұйымдарында жалпы орта білімге мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Осы жоба аясында e-qazyna.kz порталы арқылы 133 жекеменшік мектеппен келісімшарт жасалып, қыркүйек–қараша айларында ғана бұл ұйымдарға 10 млрд теңгеден астам қаржы аударылды. Бұл жекеменшік секторды қолдап қана қоймай, білім беру нарығында әділ бәсекелестікті қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Мектеп инфрақұрылымын дамыту да басты назарда. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 2024–2025 жылдары 17 300 орынға арналған 12 мектеп пайдалануға берілді. 2025 жылы Тельман шағынауданында 1 200 орындық жаңа мектеп пен тағы бір мектепке 575 орындық қосымша ғимарат ашылды.Қосымша білім беру саласында да тың жаңалық бар. 1 шілдеден бастап балаларға қосымша білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді. Бұл – Қазақстанда алғаш рет іске асырылып отырған Бірыңғай мемлекеттік тапсырыс бойынша пилоттық жоба. «Бір бала – бір ваучер» қағидатына негізделген жүйе арқылы бүгінде 109 715 бала қосымша біліммен қамтылған. Жоба барысында заңбұзушылықтар анықталып, 5 500 бала жүйеден шығарылып, 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Ең бастысы – ата-аналар үйірмелерді еркін таңдау мүмкіндігіне ие болды.
Тәрбие жұмысы да жүйелі түрде жүргізілуде. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық білім беру ұйымдарына енгізіліп, оның аясында 13 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Ал 2025 жылғы жазғы маусымда 238 мыңнан астам баланың демалысы ұйымдастырылып, олардың басым бөлігі мектеп жанындағы алаңдармен қамтылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкенттік полицейлер мерекесі қарсаңында ішкі істер органдарының зейнеткерін құттықтады

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

AdiletTV

23 СӘУIР – ҰЛТТЫҚ КIТАП КҮНІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз