18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
adilettv

АЙБЕК СМАДИЯРОВ ТОҚАЕВТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ БОЛДЫ

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.
Ал осы қызметті атқарып келген Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды.
Еске салайық, бұған дейін Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға былтыр 15 желтоқсанда тағайындалған болатын.
Сондай-ақ Айбек Смадияров 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми өкілі қызметінен кеткен еді. Ол бұл қызметке 2018 жылы тағайындалып, бір жылдан кейін Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды. 2023 жылғы маусымнан бастап Сыртқы істер министрлігінің Коммуникациялар департаментін басқарған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАНДАЙ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР ЖАБЫЛАДЫ?

AdiletTV

С начала года объём инвестиций, привлечённых в экономику города, демонстрирует значительный рост.

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз