adilettv

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: АҚЖАР, АҚТАС, ҚАЗЫҒҰРТ ЖӘНЕ ҚҰРСАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Қайрат Имашев, Муфтулла Қонақбаев және AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов Ақжар елді мекенінде тұрғындармен кездесу өткізді. Кезекті қоғамдық қабылдауға Ақжар, Ақтас, Қазығұрт, Құрсай елді мекені тұрғындары қатысып, мәселелерін айтты.
Елді мекен тұрғындарының айтуынша, өткен жылы Ақжар тұрғын алабында асфальт төселіп, көшелер жарықтандырылды. Аулалар абаттандырылып, көшелерге атау берілді.
Бүгінгі қоғамдық қабылдауда тұрғындар инфрақұрылым, қоғамдық көлік бағытын қайта қарастыру, жерді заңдастыру мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, қоқыс полигонында кейде өрт болатынын, оның иісі жан-жаққа тарайтынын жеткізді.
– Соңғы үш жылда он мәселені жазсақ, соның үшеуі шешімін тапты. Көшемізге атау беріліп, жарықтандырылып, балалар ойын алаңшасы салынды. Жол кедергілері жасалды. Енді Бесшоқы көшесіне су құбырын жүргізіп берсе дейміз. Жалпы, Тұран ауданы әкімдігінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары бізбен ұдайы жүздесіп, мәселелерімізді шешіп беріп жатыр, – дейді Ақтас елді мекені тұрғыны Мұхтар Ақбергенов.
Ербол Байқонысовтың мәлімдеуінше, өткен жылы AMANAT партиясы Шымкент қалалық флилалының қоғамдық қабылдау, көшпелі жиындарында 12 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 80 пайызы өз шешімін тапқан. Бүгінгі іс-шарада айтылған мәселелер де депутаттық сауал ретінде жолданып, партиялық бақылауға алынбақ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ КӨП АУДАН – ШАРДАРА

AdiletTV

ТАРАЗДА ӨЗ БАЛАСЫН ҰРЫП-СОҒЫП, СОНЫ ВИДЕОҒА ТҮСІРГЕН ӘЙЕЛГЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз